«Нәубет жылдар шежіресі: тарих және көркем шындық»
№2 балалар кітапханасы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аясында Абылай хан атындағы №140 орта мектеп 5«Ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Нәубет жылдар шежіресі: тарих және көркем шындық» атты ауызша журнал өтті. Шараға сынып жетекшісі Байдарбесова Салтанат Бахытбековна қатысты.
Іс-шара барысында 1930–1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін саясаты, Қазақ ашаршылығы зардаптары, сондай-ақ ҚарЛАГ мен АЛЖИР тарихы туралы кең көлемде мағлұмат берілді. Сонымен қатар, жазықсыз жапа шеккен тарихи тұлғалардың тағдыры насихатталып, олардың ел тарихындағы орны туралы айтылды.
Шараның мақсаты – ХХ ғасырдағы халқымыз бастан кешкен зобалаң жылдардың ақиқатын жас ұрпақ санасына сіңіру, тарихи жадымызды жаңғырту.







