«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай кітапханада «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Тағылымды шараға №197 мектептің 6 «В» сынып оқушылары мен жетекшісі Айгерім Мұхамеджанова қатысып, тарихтың қасіретті беттеріне тағзым жасады. Көрме барысында оқырмандарға саяси қуғын-сүргін жылдарындағы қазақ халқының бастан өткерген ауыр кезеңдері, ашаршылық зардаптары туралы мәліметтер беріліп, тақырыпқа байланысты кітаптар таныстырылды.
Шараның мақсаты – жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру, ел тарихына құрметпен қарап, өткеннен тағылым алуға тәрбиелеу. Кітап көрмесінде тарихи деректер мен танымдық әдебиеттер қойылып, қатысушылар естеліктермен танысты.







