«Күріш атасы – Ыбырай Жақаев»
№12 кітапханада Сыр елінің даңқты еңбеккері, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың өмірі мен еңбегін насихаттау мақсатында С.Толыбеков атындағы №3 IT мектеп-лицейінің 5 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Күріш атасы – Ыбырай Жақаев» атты ауызша журнал өткізілді.
Шара барысында оқушыларға Ыбырай Жақаевтың еңбек жолы, ел экономикасын дамытудағы ерен еңбегі мен қарапайымдылығы туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері тұлғаның өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттерге шолу жасап, оқушылар арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылды.
Кездесу соңында жас оқырмандар туған жер тарихын танып-білуге қызығушылық танытып, еңбек адамына құрмет көрсету – ұрпақ
парызы екендігін атап өтті.