«Кел оқимыз, қызықтап»
№2 балалар кітапханасында, балалар арасында жазғы уақытта кітапты оқуға насихаттау және кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптармен таңыстыру мақсатында « Кел оқимыз, қызықтап» атты ашық есік күні ұйымдастырылып, өтті. Балалар, Медведев «Баранкин будь человеком», Булычевтың «Алиса и динозавры» т.б. қызықта шытырман оқиғаларға толы кітаптармен таңысып, табиғат әлеміне арналған «Природа» , «Динозавры», «Животный мир земли» атты балаларға арналған энциклопедия серияларына қызығушылық танытты. Кітапхана қызметкерлері балаларға кітапхана бөлімдері туралы ақпарат беріп жұмыс кестесі туралы толық мәліметтермен таңыстырды.







