«Тарихтың ақтаңдақ беттері»

31 мамыр – қазақ халқының тарихындағы ең қасіретті кезеңдерді еске алатын маңызды күн. Осыған орай №3 кітапханада  ұйымдастырылған «Тарихтың ақтаңдақ беттері» атты танымдық сағат Ә.Молдағұлова атындағы №173 мектептің оқушыларымен өткізілді.
Шараның мақсаты – жас ұрпаққа саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық жылдарының зардаптарын түсіндіру, тарихи шындықты насихаттау және өткенге тағзым етуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында «Өткенге тағзым-болашаққа аманат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін кезеңдері туралы мәліметтер берілді. Қазақ зиялыларының тағдыры, елге тигізген ауыр зардаптары туралы айтылды. 
26 мамыр 2026 ж. 14

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам