«Қазақтың ұлттық ою - өрнектері»

 №13 балалар кітапханасы Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп – лицейде «Жазғы кітап»  бағдарламасы  аясында «Қазақтың ұлттық ою - өрнектері» атты шеберлік сағат өтті.
 Аталған шараға №11 мектеп – лицейдің 7 «Ә» сынып оқушылары мен технология пінінің мұғалімі Бисенова Лида қатысты.Мақсаты – оқырмандарға қазақ мәдениетімен,  көне мұрамыз – ою – өрнектердің шығу тарихымен, түрлерімен таныстыру.Қазақтың ұлттық бұйымдары ою өрнек туралы мағлұмат беру, халық мәдениетін үйрету, қазақ халқының әдеп – ғұрыптарын тереңірек  дамыту.Ұлттық мұрамызды ұлықтауға бағытталған  іс – шара барысында оқушылар қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түрлерімен танысып, олардың мағынасы мен ерекшеліктері туралы мол мағұлмат алды.
 Қазақтың  ою – өрнегінің бірнеше ондаған  ғасырлық  тарихы бар, атадан балаға, ұрпақтан мұра болып, үнемі қолданыста болып, халық өнерінің ертеден дамып  келе жатқан шеберлік мұраларының қазіргі біздің өмірімізге ұштастырып отырған туындылары және қазақ халқының ою – өрнек туралы тарихи еңбектер мен зерттеу кітаптары қойылып оқырмандарға таныстырылды.  
Сонымен қатар оқырмандар қойылған сұрақтарға белсене жауап беріп, ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын көрсетті.
28 мамыр 2026 ж. 15

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам