«Естен кетпес қасірет»

 №12 кітапхана 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Естен кетпес қасірет» атты танымдық сағатын өткізді.
 Шараның мақсаты – жас ұрпаққа қазақ халқының басынан өткен зұлмат жылдардың зардабын түсіндіру, тарих тағылымын ұғындыру және құрбандар рухына тағзым ету. Танымдық сағат барысында саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық жылдары туралы мәліметтер айтылып, тарихи деректерге шолу жасалды.
 Оқырмандар назарына тақырыпқа байланысты кітаптар мен мерзімді басылымдар таныстырылып, еске алу мақсатында бейнеролик көрсетілді. Қатысушылар ел тарихындағы ауыр кезеңдер туралы ой бөлісіп, тағылымды пікірлер айтты.
 Шара соңында жазықсыз жапа шеккен боздақтардың рухына құрмет көрсетіліп, олардың есімі халық жадында мәңгі сақталатыны айтылды. 
28 мамыр 2026 ж. 12

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам