» » «Нәубет жылдар ел жадында жаңғырыр»

«Нәубет жылдар ел жадында жаңғырыр»

 №17 Қызылжарма  ауылдық кітапханасында, 31 мамыр саяси  қуғын-сүргін және ашаршылық  құрбандарын  еске алу  күніне орай, С.Әлжіков атындағы №144 орта мектептің 9-сынып оқушыларының қатысуымен  «Нәубет жылдар ел жадында жаңғырыр» атты  тарихи –танымдық  сағат өтті.                                                                        
 Шараның мақсаты: қазақ  тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы, зұлмат заманның запыранын жұтқан қазақ елінің  арыстары  туралы келер ұрпаққа патриоттық тәрбие және терең түсінік беру, бүгінгі жастар біле бермейтін тарихи оқиғалармен таныстыру, кітапханаға оқырман тарту. Шара барысында  С.Әлжіков атындағы №144 орта мектептің пән мұғалімі Палымбетова Нұргүл  ұлттық тарихымыздың ақтаңдақ аталған нәубетті жылдары турасында сөз қозғап,солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы айтып берді. Сонымен қатар шараға қатысушылар арнайы  ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысып, Алаштың ардақты ұлдары, қазақтың бес арысы  Ш.Құдайбердіұлының, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, А. Байтұрсынұлының, М.Дулатұлының, Алаш қозғалысының төл перзенті М.Шоқайдың өмірі мен шығармашылығы туралы және олардың төккен тер, ерен еңбектері, ерліктері туралы баяндалған кітаптар мен мерзімді басылымдар мен танысты
29 мамыр 2026 ж. 13

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам