“Тарих. Тағдыр. Тағзым”

 №6 кітапхана 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ем алушылары арасында “Тарих. Тағдыр. Тағзым” атты тарихи-танымдық сағат өткізілді.
 Іс-шараның мақсаты – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, олардың өмір жолы мен тағдырын насихаттау, тарихи әділеттілікті дәріптеу және ел тарихына құрмет сезімін қалыптастыру болды.
 Шара барысында қатысушыларға ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін жылдарының зардаптары туралы мәліметтер айтылып, жазықсыз жапа шеккен азаматтардың өмірі мен ерлігі жөнінде әңгіме өрбіді. Сонымен қатар тағылымды естеліктер мен тарихи деректер оқылды.
 Кеш аясында арнайы кітап және фотокөрме ұйымдастырылып, онда саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы материалдар, архивтік суреттер мен тарихи әдебиеттер қойылды. Қатысушылар көрмені тамашалап, өткен тарихтан тағылым алды.
Тағылымды шара соңында қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, ел тарихындағы ауыр кезеңдерді ұмытпау қажеттігі айтылды. 
29 мамыр 2026 ж. 64

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам