«Жазықсыз жазаланған жайсандар»
№19 кітапханада 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Жазықсыз жазаланған жайсандар» атты еске алу кеші өткізілді.
Шара барысында кітапхана оқырмандарына тақырыпқа байланысты ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылып, тарихи тағылымға толы слайд көрсетілді. Кештің мақсаты – жазықсыз жапа шеккен халқымыздың зиялыларын еске алып, өткен тарихтың ауыр кезеңдерін жас ұрпақ санасына насихаттау.
Іс-шараға «Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының басшысы Сәтбаева Света Сәтбайқызы қатысып, қазақ халқы ашаршылыққа ұшыраған тарихи қиын кезеңдер туралы кеңінен айтып өтті. Сонымен қатар, сол кезеңдегі тарихи оқиғалар мен ел тағдыры жайында жазылған кітаптарды таныстырып, оқырмандармен ой бөлісті.
Кеш соңында қатысушылар өткен тарихты ұмытпай, ел тәуелсіздігінің қадірін білу – әрбір азаматтың парызы екенін атап өтті.







