«Тарих шындығы: Тағдырлар мен оқиғалар»
№9 кітапханада 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай №218 мектеп оқушыларымен «Тарих шындығы: Тағдырлар мен оқиғалар» атты танымдық сағат өткізілді.
Шараның мақсаты – оқушыларға ел тарихындағы қасіретті кезеңдер туралы мағлұмат беру, саяси қуғын-сүргін құрбандарының өмірі мен тағдырын таныстыру арқылы тарихи сананы қалыптастыру.
Танымдық сағат барысында қазақ халқының басынан өткен ашаршылық пен қуғын-сүргін жылдарының ауыр зардаптары туралы айтылып, тарихи деректер мен мәліметтер таныстырылды. Сонымен қатар, тақырыпқа байланысты кітаптарға шолу жасалып, қатысушыларға тағылымды бейнеролик көрсетілді.
Шара соңында оқушылар өткен тарихты ұмытпай, тәуелсіздіктің қадірін бағалау – бүгінгі ұрпақтың басты міндеті екендігін атап өтті.







