"Сыр мен жырдың саңлағы"

 №6 кітапхана И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық колледж студенттері арасында ақын, қоғам қайраткері Темірше  Сарыбайұлының 85 жылдығына арналған "Сыр мен жырдың саңлағы" атты әдеби кеш өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты - қаламгердің қазақ поэзиясындағы орны мен ел руханиятына сіңірген еңбегін өскелең ұрпаққа насихаттау, шығармашылығын жастар арасында дәріптеу болды.
 Әдеби кеш барысында Темірше Сарыбайұлының өмір жолы мен шығармашылығы туралы мазмұнды мағлұматтар айтылып, ақын өлеңдері оқылды. Кештің құрметті қонағы ретінде ақынның қызы Шадыман Темірше қатысып, әкесі туралы естеліктерімен бөлісті.  Сонымен қатар, әкесінің жүрекке жылы тиер жырларын оқып, кештің рухани мазмұнын арттыра түсті.
Кеш барысында қатысушылар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің мұрасын ұлықтаудың маңыздылығына тоқталып, арнайы кітап көрмесін ұйымдастырып, рухани құндылықтарды дәріптеу жайында ой бөлісті.
29 мамыр 2026 ж. 11

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам