«Қазаққа қайрат сыйлаған»
№ 10 кітапхана 31 мамыр – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезеңдердің бірі болған саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осы атаулы күнге орай «Қазаққа қайрат сыйлаған» атты тарихи сағат өтті . Іс-шараның мақсаты – жазықсыз жапа шеккен Алаш арыстарының өмірі мен еңбегін насихаттау, олардың ел тәуелсіздігі жолындағы ерлігін жас ұрпаққа үлгі ету.
Шара аясында «Ғаламат жұт шежіресі»атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Алаш қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар, тарихи зерттеулер мен естелік жинақтары қойылды. Көрме оқырмандардың ерекше қызығушылығын тудырып, ұлттық тарихқа деген құрметті арттырылды.







