Кітап оқы: өз өлкенді танып біл
№12 кітапхана «Сырдария» жазғы тынығу лагерінде кітапты насихаттау, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Кітап оқы: өз өлкенді танып біл!» атты ашық есік күнін өткізді. Жас оқырмандарға отандық, шетел жазушыларының балаларға арналған көркем шығармалары мен ертегілері, шытырман оқиғалы, фонтастикалық қызықты кітаптармен қатар мерзімді басылымдар оқуға ұсынылды. Кітаптарды QR код арқылы сканерлеп мобильді қосымшаны жүктеу нұсқаулық бойынша көрсетілді. Кітапхананы пайдалану ережесі таныстырылып, балалар кітап оқуға деген зор қызығушылықтарын танытты .Шара соңында оқушылар әң айтып би биледі.







