«Көңілді балалық шақ әлемінде»

 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана «Нұр әлемі» балабақшасында «Көңілді балалық шақ әлемінде» атты кітап көрмесі өтті.
 Шараның мақсаты – бүлдіршіндердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру, олардың ой-өрісін кеңейту, кітап оқуға баулу және рухани дүниесін байыту.
 Көрмеге балалардың жас ерекшеліктеріне сай таңдалған қызықты әрі танымдық әдебиеттер қойылды. Атап айтқанда, «Кот в сапогах», «Қазақстандық ертегілер», «Волшебная кастрюлька», «Белоснежка» кітаптары, сондай-ақ балалардың сүйікті басылымы – «Балдырған» журналы және түрлі-түсті суретті кітаптар көпшілік назарына ұсынылды.
Көрме барысында бүлдіршіндер кітаптармен танысып, сүйікті кейіпкерлері туралы әсерлі әңгімелер өрбітті. Кітапханашы Төлендиева   Дана балаларға кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы айтып, қызықты ертегілерден үзінділер оқып берді. Балалар ертегі әлеміне саяхат жасап, кейіпкерлердің қызықты оқиғаларына ерекше ықыласпен құлақ түрді.
Кітап – бала қиялын қанаттандырып, білімге жетелейтін сенімді серік.
01 маусым 2026 ж. 24

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам