«Бар мейірім – балаларға»
№10 кітапханада 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аясында №39 «Қызылөзек» орта мектебі жанынан құрылған күндізгі «Балдырған» тынығу лагерінің қатысуымен «Бар мейірім – балаларға» атты ашық есік күні болып өтті.
Шараның мақсаты – жас ұрпақтың жан-жақты дамуына ықпал ету, мейірім мен қамқорлыққа толы орта қалыптастыру.
Іс-шара барысында балалар түрлі қызықты танымдық жұмыстарға қатысып, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Олардың өнері мен талантына қолдау көрсетіліп, шығармашылық қабілетін шыңдауға мүмкіндік берілді. Балалардың шат күлкісі мен жарқын жүздері мерекенің шынайы сәніне айналды. Әрбір бала – еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы.







