«Бала күлкісі – әлемнің әуені»
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай №6 кітапхана «Балдәурен» жазғы лагері бүлдіршіндері арасында «Бала күлкісі – әлемнің әуені» атты мерекелік кеш өткізді.
Шараның мақсаты – бүлдіршіндердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және бақытты балалық шақтың құндылығын насихаттау.
Іс-шара барысында балаларды қызықты ертегілер мен танымдық әдебиеттерден құралған кітап көрмесімен таныстырып, кітаптың білім мен тәрбие берудегі маңызы туралы айтылды. Балалар сүйікті ертегі кейіпкерлерін айтып, оқыған кітаптары жайында ой бөлісіп, қызықты сұрақтарға жауап берді.
Мерекелік кеш одан әрі көңілді ойындармен, қызықты сайыстармен және танымдық бағдарламамен жалғасты. Балалар белсенді қатысып, өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл күйге бөленді.







