» » «Бала – өмірдің жалғасы, елдің болашағы»

«Бала – өмірдің жалғасы, елдің болашағы»

«Жазғы кітап» бағдарламасы аясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай №13 балалар кітапханасы Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицей жанынан құрылған «Ақкөгершін» күндізгі тынығу лагерінің балаларымен «Бала – өмірдің жалғасы, елдің болашағы» атты мерекелік ертеңгілік өтті.
Шараға «Жалын», «Самғау», «Толқын» топтарының тәрбиеленушілері мен тәрбиешілер Әлиева Ғалия, Нұрғазықызы Мира, Мырзағұл Жанат, Күздікен Сәуле, Піржан Гүлмира және Жұмат Ақмарал қатысты.
Шара барысында жас оқырмандар өз өнерлерін ортаға салып, ән шырқап, би биледі. Сонымен қатар түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылып, балалар ептілік пен белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған қызықты сәттерге толы болды.
Мерекелік іс-шара балалардың бойындағы өнер мен талантының жарқырай көрінуіне мүмкіндік беріп, олардың достыққа, ұйымшылдыққа және өзара сыйластыққа деген көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті. Шара соңында №13 балалар кітапханасы атынан бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар табысталып, мерекелік қуаныштары еселене түсті. 
02 маусым 2026 ж. 13

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам