«Бала – өмірдің гүлі»

 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай №18 кітапхана «Нұрбесік» бөбекжай-балабақшасымен бірлесіп, «Бала – өмірдің гүлі» атты мерекелік ертеңгілік өтті.
 Балалар – өмірдің мәні, отбасының қуанышы, елдің жарқын болашағы. Осы айтулы мерекеге арналған шараның мақсаты – бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, көтеріңкі көңіл күй сыйлау, өнерге баулу және олардың бойында өмірге сүйіспеншілік, отбасына құрмет пен өз-өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыру.
 Шара барысында балалар өз өнерін ортаға салып, ән шырқап, би билеп, көрермендерге шаттық сыйлады. Бүлдіршіндер «Біз бақытты баламыз» тақырыбында асфальтқа сурет салып, өз қиялдары мен шығармашылық қабілеттерін паш етті. Түрлі-түсті бояулармен бейнеленген жарқын суреттер балалар әлемінің тазалығы мен қуанышын айшықтай түсті.
 Сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Балдырған» және «Балдәурен» топтарының тәрбиеленушілері арасында қызықты спорттық сайыс ұйымдастырылды. Балалар ептілік пен жылдамдықтарын сынап, ұйымшылдық пен достықтың үлгісін көрсетті.
02 маусым 2026 ж. 15

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам