Үш бәйтерек
№15 Талсуат ауылдық кітапханасында «Үш бәйтерек» ауызша журнал өткізіліп, үш бет бойынша қазақ зиялылары, әдебиетіміздің алыптары І.Жансүгіров, С.Сейфуллин және Б.Майлиннің шығармалары кеңінен насихатталды. ХХ ғасырдағы қазақ халқының ауыр-тұрмысы мен әлеуметтік жағдайын, саяси хәл-ахуалын суреттеген «Ел сыры», «Көшпелі махаббат», «Шұғаның белгісі», «Сол жылдарда», «Шығармалар жинағы», «Поэмалары», «Қазақ әдебиеті», «Тар жол, тайғақ кешу» , «Құқ», «Құлагер» т.б. кітаптары жан – жақты таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды.







