» » «Әдеби қонақжайда – мерейтой иелері»

«Әдеби қонақжайда – мерейтой иелері»

 А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада қазақ ауыз әдебиетінің жанашыры, әрі зерттеушісі Мүсілім Байділдаевтың туғанына – 100 жыл және ақын Қатира Жәленованың туғанына – 75 жыл толуына орай «Әдеби қонақжайда – мерейтой иелері» атты көрме-танысу ұйымдастырылды.
 Шараның мақсаты – мерейтой иелерінің өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, жастарды қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының еңбектерімен таныстыру және әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
 Көрме барысында қаламгерлердің шығармалары, өмір жолы мен әдеби қызметіне қатысты құнды мәліметтер ұсынылды. Қатысушылар қазақ әдебиеті мен руханиятына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың шығармашылық әлеміне саяхат жасап, олардың әдеби мұралары туралы тың ақпараттармен танысты. 
02 маусым 2026 ж. 12

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам