«Тағдыр»

 А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің студенттері арасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» тарихи романы бойынша оқырмандар конференциясы болып өтті.
 Шараның мақсаты – жастарды ұлттық әдебиеттің асыл мұрасымен сусындату, тарихи шығарманың тағылымдық мәнін терең түсіндіру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
 Шара барысында қатысушылар романның тақырыбы мен идеялық мазмұнына жан-жақты тоқталып, шығармада көрініс тапқан қазақ халқының тағдыры, ұлттық бірлік, азаттық рухы, туған жерге деген сүйіспеншілік секілді маңызды мәселелер төңірегінде ой бөлісті.   Студенттер кейіпкерлер бейнесін талдап, олардың мінез-құлқы мен өмірлік ұстанымдарына баға беріп, жазушының көркемдік шеберлігі туралы пікірлерін ортаға салды.
 Сонымен қатар, кітапханада Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, жазушының әдеби мұрасы мен қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі таныстырылды. 
02 маусым 2026 ж. 11

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам