«Рәміздер – елдігімнің тірегі»
№12 кітапхана Қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп, 4 маусым – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Zhazgy Time» жазғы лагерінің қатысуымен «Рәміздер – елдігімнің тірегі» атты таным сағатын ұйымдастырды. Іс-шараға лагерь меңгерушісі Махамбетова Айнұр қатысты.
Шара барысында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі, егемендік жолындағы жетістіктері және мемлекеттік рәміздердің қалыптасу тарихы туралы мазмұнды мәліметтер ұсынылды. Елдігіміздің айшықты белгілері – Көк Ту, айбарлы Елтаңба және асқақ Әнұранның мән-маңызы түсіндіріліп, олардың авторлары таныстырылды. Қатысушылар мемлекеттік Әнұранды орындап, елдік нышандарына деген құрметтерін білдірді.
Шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рух дарытып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыру, ел тәуелсіздігі мен егемендігінің құндылығын насихаттау.







