«Ұлтын оятқан – Ұлы тұлғалар»

 А.С. Пушкин атындағы орталық кітапханада 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Ұлтын оятқан – Ұлы тұлғалар» атты библиографиялық шолу болып өтті.
 Шараның мақсаты – саяси қуғын-сүргін құрбандарының өмірі мен қызметін насихаттау, олардың ел тәуелсіздігі жолындағы ерен еңбектерін таныстыру, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, отансүйгіштік рухқа тәрбиелеу.
 Шара барысында қазақ халқының азаттығы мен рухани жаңғыруы жолында аянбай еңбек еткен Алаш қайраткерлері мен ұлт зиялылары Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллиннің өмір жолы мен шығармашылық мұралары кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар тақырыпқа қатысты тарихи кітаптар мен мерзімді басылымдарға шолу жасалып, оқырмандарға құнды әдебиеттер ұсынылды.
02 маусым 2026 ж. 11

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам