«Рәміздер – ел беделі»

 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай №13 балалар кітапханасы Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінде «Рәміздер – ел беделі» атты танымдық сағат өткізді.
 Шараның мақсаты – жас оқырмандардың жүрегіне Отанға деген сүйіспеншілік ұялатып, мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиеті мен терең мағынасын таныту, елін сүйетін, халқына адал қызмет ететін саналы ұрпақ тәрбиелеу.
 Шара барысында оқушылар туған жер мен Отан тақырыбындағы әсерлі өлеңдерді мәнерлеп оқып, туған елге деген ыстық ықыласы мен шынайы сүйіспеншілігін жеткізді. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның тәуелсіздігіміздің айшықты белгісі, елдігіміздің еңселі нышаны екендігі айтылды. Рәміздерді құрметтеу мен олардың мән-маңызын терең білу – әрбір азаматтың қасиетті парызы екендігі ерекше атап өтілді.
 Шара аясында оқырмандар назарына «Егемен елдің мәртебесі – Рәміздер» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің тарихы мен тағылымын, елдік пен егемендіктің мәнін насихаттайтын кітаптар, танымдық басылымдар мен мерзімді баспасөз материалдары қойылып, таныстырылды. 
02 маусым 2026 ж. 13

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам