«Бала деген – бір бақыт»

 №14 кітапхана Белкөл кенті клубымен бірлесіп, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала деген – бір бақыт» атты мерекелік шара өтті.
 Балалар күлкісі мен шаттыққа толы шара барысында түрлі спорттық жарыстар мен мәдени-танымдық сайыстар ұйымдастырылып, қатысушылар өз өнерлері мен қабілеттерін ортаға салды. 
 Шара аясында балаларға арналған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалып, қызығушылығын арттыратын кітаптар таныстырылды.
 Іс-шараның мақсаты – жас жеткіншектердің бойында достық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырып, бақытты балалық шақтың қадірін сезіндіру, шығармашылық қабілетін дамыту және олардың жан-жақты дамуына қолдау көрсету. 
01 маусым 2026 ж. 9

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам