«Тәуелсіздік тұғыры – мемлекеттік рәміздер»
№15 кітапхана 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні аясында №178 орта мектеп жазғы тынығу балалар лагерінде «Тәуелсіздік тұғыры – мемлекеттік рәміздер» атты тақырыптық кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік рәміздер туралы жан-жақты мағлұмат беру, олардың тарихи маңызы мен тәрбиелік мәнін түсіндіру, оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік нышандарға деген құрмет пен мақтаныш сезімін арттыру.
Шара барысында балаларға Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран туралы танымдық ақпараттар ұсынылып, олардың тарихы мен авторлары жайлы мағлұмат берілді. Сұрақ-жауап сағаты, танымдық викториналар ұйымдастырылып, мемлекеттік рәміздерге, Отанға және туған жерге қатысты мақал-мәтелдер айтылып, балалар өз ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар «Тәуелсіздік тұғыры – мемлекеттік рәміздер» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға библиографиялық шолу жасалды.










