«Мәңгілік жасасын Егемендік»
№ 18 кітапхана 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мәңгілік жасасын Егемендік» атты патриоттық сағаты №197 мектеп 3 «Б» сынып оқушылары мен мұғалімі Г.Ысқақованың қатысуымен өткізді.
Шараның мақсаты – оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен таныстырып, олардың ел тарихы мен тәуелсіздігінің айшықты белгісі екенін ұғындыру. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың өмір салтын, ұлттық болмысын, асыл мұраты мен жарқын келешекке деген сенімін бейнелейтін қасиетті құндылықтар екенін түсіндіру. Жас ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен елжандылық сезімін дарытып, туған еліне адал қызмет етуге, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, ұлттық тарих пен рухани мұраны құрметтеуге тәрбиелеу.










