«Рәміздер - ұлт рухының бейнесі»
4 маусым күні №3 кітапханада «Рәміздер - ұлт рухының бейнесі» атты танымдық сағат болып өтті.
Шараның мақсаты – оқырмандарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы жан-жақты мағлұмат беру, олардың тарихы мен маңызын түсіндіру, отансүйгіштікке, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Шара барысында мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы таныстырылып, олардың авторлары туралы мәлімет берілді. Қатысушылар рәміздердің әрбір элементінің мән-мағынасымен танысып, тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап берді.








