«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық құндылық»
№1 кітапханада «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық құндылық» атты ауызша журнал болып өтті.
Іс-шараның мақсаты - әрбір азаматтың Мемлекеттік рәміздерімізге деген патриоттық сезімін нығайту, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы түсініктерін кеңейтіп, ақпарат беру.
«Мемлекеттік рәміздердің қалыптасу тарихы», «Рәміздер – тәуелсіздік тұмары», «Көк тудың желбірегені» атты үш беттен тұратын ауызша журнал барысында атаулы күннің маңыздылығы және мемлекеттіліктің, елдіктің, тәуелсіздіктің нышаны болып табылатын Мемлекеттік рәміздеріміздің қалыптасу тарихы мен авторлары жайлы мәліметтер айтылып, оқырмандар ақындардың рухты жырларын оқыды. Сонымен қатар тұңғыш рәмізтанушы Ербол Шаймерденовтың «Елтаным» атты тарихи-философиялық рәмізбаяны, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік рәміздері», Дәнеш Ахметтің «Көк тудың желбірегені», «Туыңды көтер», Алмас Ахметбекұлының «Көк тудың желбірегені», Несіпбек Айтұлының «Ту» және т.б. кітаптар мен мерзімді басылымдарға шолу жасалып, оқуға ұсынылды.









