«Тарихтан туған рәміздер»
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай №2 балалар кітапханасында «Тарихтан туған рәміздер» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу болып өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандарды еліміздің мемлекеттік рәміздерінің шығу тарихымен таныстыру, олардың мәні мен маңызын түсіндіру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы кеңінен мағлұмат беріліп, олардың авторлары мен қабылдану тарихы таныстырылды. Қатысушылар мемлекеттік рәміздердің тәуелсіз Қазақстанның егемендігі мен бірлігін айқындайтын басты нышандар екендігі туралы құнды ақпараттар алды.
Оқырмандар ұсынылған әдебиеттер арқылы еліміздің тарихы, тәуелсіздік жолындағы жетістіктері мен мемлекеттік құндылықтары жөніндегі білімдерін толықтырды.









