«Рәміздер – рух биігі»
№5 кітапханада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздер – рух биігі» атты әдеби сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандарға мемлекеттік рәміздердің тарихи мәні мен маңызын кеңінен таныстыру, мемлекеттік нышандарды құрметтеуге тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін арттыру.
Шара барысында оқушылар Отан, Тәуелсіздік және мемлекеттік рәміздер тақырыбындағы өлеңдерді мәнерлеп оқып, патриоттық рухтағы әдеби монтаж ұсынды. Сонымен қатар, рәміздерге арналған танымдық сұрақ-жауап ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдерін ортаға салып, белсенділік танытты. «Рәміздер – мақтанышым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға мемлекеттік рәміздер, Қазақстан тарихы және Тәуелсіздік құндылықтары туралы әдебиеттер таныстырылды.







