«Ел рәміздері – еркіндік нышаны»

 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай №9 кітапханада «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» атты әдеби оқу болып өтті.
 Шара барысында №218 мектеп оқушылары Тоқтарбай Жандос, Байділда Гүлбаршын және Темірхан Раяна туған жер мен Отанға арналған әсерлі өлеңдерді мәнерлеп оқып, елге деген шынайы сүйіспеншілігін жыр жолдары арқылы жеткізді. Сонымен қатар қатысушылар мақал-мәтелдер айтып, викториналық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның Тәуелсіз Қазақстанның айбыны мен мәртебесін айқындайтын қасиетті нышандар екені айтылып, оларды құрметтеу әрбір азаматтың қастерлі борышы екендігі кеңінен насихатталды. Ел рәміздерін ұлықтау – елдікті ұлықтау, Тәуелсіздікті қастерлеу!


04 маусым 2026 ж. 9

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам