«Ел рәміздері – ел рухы»

№19 кітапхана 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні аясында №290 жайлы мектептің 3 сынып оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен «Ел рәміздері – ел рухы» атты библиографиялық шолу өткізілді.
Іс-шара Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен басталып, қатысушыларға еліміздің қасиетті нышандары – Ту, Елтаңба және Әнұранның тарихы мен маңызы туралы мазмұнды ақпарат берілді. Кітапханашы С.Ақбергенова оқырмандарды мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздердің тәуелсіздігіміздің тұғыры, елдігіміздің айғағы екенін атап өтті. Шара барысында жас оқырмандар Отан мен ел рәміздеріне арналған өлеңдерді мәнерлеп оқып, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін білдірді. №290 жайлы мектептің мұғалімі Г.Н.Әмірова тәуелсіз елдің ұрпағы ретінде мемлекеттік рәміздерді қастерлеу мен құрметтеу әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтіп, шараны қорытындылады.


04 маусым 2026 ж. 9

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам