«Ұлттың ұлы мұраты»
№20 кітапхана 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Ұлттың ұлы мұраты» атты таным сағатын өтті.
Шараға «Сыр шуағы» бөбекжай-бақшасының бүлдіршіндері қатысып, Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранға арналған тақпақтарды мәнерлеп оқып, өз өнерлерін паш етті. Кішкентай өрендердің ел рәміздеріне деген құрметі мен Отанға деген сүйіспеншілігі көпшілік көңілінен шықты.
Шара барысында мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы туралы танымдық мәліметтер беріліп, оларды қастерлеу – елді, жерді, ұлттық құндылықтарды құрметтеудің айқын көрінісі екені айтылды.
Шара соңында «Сыр шуағы» бөбекжай-бақшасы» КМҚК меңгерушісі М.А.Күнқожаева осындай тағылымды шаралардың жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудегі маңызын атап өтіп, кітапхана ұжымына алғысын білдірді.








