«Еркіндігім – Елтаңбам»

 №8 кітапхана 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай №143 мектеп жанынан құрылған тынығу лагері оқушыларымен «Еркіндігім – Елтаңбам» атты танымдық кеш өткізілді.
 Шара барысында оқушылар мемлекеттік рәміздер туралы сұрақтарға жауап беріп, патриоттық тақырыптағы пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ Отанға деген сүйіспеншілік пен елге деген мақтаныш сезімін дәріптейтін патриоттық әндер шырқалып, көрермен көңілінен шықты. Әндер арқылы оқушылардың туған жерге, елге деген құрметі мен патриоттық рухы одан әрі нығая түсті. «Көк байрағы көкте желбіреген – қасиетті Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.
Танымдық кеш жас буынның ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, елжандылыққа тәрбиелеуге өз үлесін қосты. 
04 маусым 2026 ж. 31

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам