«Қасірет пен тағзым»
№20 кітапханада 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Қасірет пен тағзым» атты тарихи сағат өтті.
Тағылымды шараға М.Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық-ІТ жоғары колледжінің студенттері қатысып, халқымыздың тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі – саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық жылдарының зардаптары туралы мәліметтермен танысты.
Кездесуге арнайы қатысқан Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектептің тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Асқар Шарманов жастарға тарихи күннің мән-маңызы мен тағылымын тереңінен түсіндіріп, өткенді ұмытпау – келешекке аманат екенін атап өтті.
Шара барысында қуғын-сүргін құрбандарының тағдыры, ел басына түскен зұлмат жылдардың ауыр сабақтары сөз болып, тарихи жадымызды жаңғыртудың маңызы айтылды.







