«Экология – бүкіл әлем тағдыры»

 №12 кітапханада 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай №9 Н.Ильясов мектеп-лицейі оқушыларының қатысуымен «Zhazgy time» жобасы аясында «Экология – бүкіл әлем тағдыры» атты эко-ақпарат сағаты болып өтті.
 Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың табиғат туралы білімін кеңейту, туған өлкенің табиғатын таныту, экологиялық мәдениетін қалыптастыру және жазғы демалыс уақытында кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
 Шара аясында ұйымдастырылған «Табиғат әлемі» атты кітап көрмесі оқырмандарды табиғаттың тылсым сырларына жетеледі. «Қазақстан қорықтары», «Қазақстанның Қызыл кітабы», «Табиғатым – тағдырым», «Қазақстанның дәрілік өсімдіктері» секілді құнды еңбектер көпшілік назарын аударып, ерекше сұранысқа ие болды.
 Кітапхананың тұрақты оқырманы Макушева Сарсенкүл табиғат пен адам тағдырының өзара тығыз байланысына тоқталып, жас ұрпақты қоршаған ортаны аялауға шақырды. Табиғатты қорғау – әр азаматтың парызы екенін атап өтіп, ағаш отырғызу мен айналаны таза ұстау болашаққа қалдырылатын ең асыл мұра екенін әсерлі әңгімесі арқылы жеткізді.
05 маусым 2026 ж. 7

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам