«Рәміздер – ел беделі»

 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Рәміздер – ел беделі» атты ауызша журнал өтті.
 Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының тарихы, олардың авторлары және тәуелсіз еліміздің айбыны мен абыройын айқындайтын мән-маңызы туралы жан-жақты мәлімет берілді. Оқырмандар мемлекеттік рәміздердің мәртебесі мен құндылығы жөнінде ой бөлісіп, Отанға деген сүйіспеншіліктері мен патриоттық сезімдерін білдірді.
Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында елжандылық қасиетті қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
 Рәміздер – Тәуелсіздігіміздің тұмары, елдігіміздің еңселі белгісі. Оларды қастерлеу – әр азаматтың абыройлы міндеті.
05 маусым 2026 ж. 7

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам