Тәуелсіз Қазақстан
А.С.Пушкин атындағы қалалық орталық кітапханада «Тәуелсіз Қазақстан» атты фото көрме ұйымдастырылып қала тұрғындарына кеңінен насихатталды. Фото көрме еліміздің тәуелсіздік алған күнінен бен бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктерін қамтыды. Атап айтар болсақ: 1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күні мен ата Заңымыз, Астана қаласының қалыптасуы, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуы- халықтар достығы мен бірлігі, «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламалар мен Елбасы Н.Назарбаевтың қызметтік сапарларынан , еліміздің индустриясының дамуы, EXPO- 2017 көрмесі, Н.Ә.Назарбаевтың халықты тарихқа құрметпен қарауға және зерделеуге, өткеннен сабақ алуға шақыратын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының насихатталуы, жастар жетістігі мен білім мен мәдениеттің дамуы туралы т.б суреттер қойылып таныстырылды.







