«Табиғат сенің өз үйің»
№11 кітапханада «Табиғат сенің өз үйің» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жас оқырмандарға насихатталды. Шараға №215 мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінің оқушылары мен тәрбиеші Балнұр Қалжанова қатысты.
Көрме барысында табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау, туған жердің көркін сақтау жайында мазмұнды әңгімелер өрбіді. Жас оқырмандар табиғаттың баға жетпес байлық екенін ұғынып, оны қорғау – келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік екенін түсінді.
«Бір тал кессең, он тал ек» деген халық даналығын негізге алған шарада жасыл желектің адам денсаулығы мен экология үшін маңызы ерекше атап өтілді. Табиғатты таза сақтау, ағаш отырғызу және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау – бүгінгі күннің басты талабы екені айтылды.







