«Менің жасыл әлемім»
№17 кітапханада 5 маусым – Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай, «Жазғы кітапхана» жобасы аясында «Менің жасыл әлемім» атты библиомикс болып өтті.
Шараның мақсаты – жас ұрпақтың табиғат туралы білімін кеңейтіп, экологиялық мәдениетін қалыптастыру, туған өлкенің табиғатын танып-білуге баулу және қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру. Сонымен қатар жастарды жазғы демалыс уақытын тиімді өткізіп, экологиялық бағыттағы әдебиеттерді оқуға шақыру.
Шара барысында «Табиғатты аялай білейік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, табиғатты қорғау, қоршаған ортаны аялау, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау, жасыл технологиялар мен экологиялық тәрбиеге арналған кітаптар мен мерзімді басылымдарға библиографиялық шолу жасалды. Қатысушылар табиғатты қорғау мәселелері жөнінде ой бөлісіп, өз ұсыныстарын ортаға салды. Аталған шара оқырмандардың экологиялық танымын кеңейтуге әрі кітап оқуға деген ынтасын арттыруға ықпал етті.







