«Табиғат – туған анамыз»

 5 маусым – Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай №18 кітапхана №197 мектептің 3 «Б» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Г.Ысқақованың қатысуымен «Табиғат – туған анамыз» атты экологиялық сағат өтті.
 Шара барысында оқушылар табиғатты аялау мен қоршаған ортаны қорғаудың маңызы туралы мағлұмат алып, құстар, жан-жануарлар, өзен-көлдер мен жер байлығы жайында ой бөлісті. Сонымен қатар «Экософия немесе киелі табиғат» тақырыбындағы басқа да кітаптар таныстырылып, оқуға ұсынылды.
 Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Табиғатты қорғау – болашақты қорғау!
 
05 маусым 2026 ж. 10

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам