«Ақ күріштің атасы»

 №16 кітапханада қазақтың даңқты диқаншысы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 135 жылдығына орай «Ақ күріштің атасы» атты өнеге сағаты  болып өтті. Шараға Т. Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейдің «Балдәурен» жазғы лагерінің демалушылары қатысты.
 Іс-шара барысында дүниежүзілік рекорд жасаған атақты күрішші Ыбырай Жақаевтың өнегелі өмір жолы, ерен еңбегі, табандылығы мен еңбекке адалдығы туралы кеңінен айтылды. Өз ісіне шексіз берілген еңбек майталманының көптеген ізбасар тәрбиелеп, кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге қалдырғаны ерекше атап өтілді.  
 Шараның мақсаты – жастарға Ыбырай Жақаевтың жемісті де жеңісті ғұмырын таныстыра отырып, еңбексүйгіштікке, табандылыққа және адал еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу. 
 
05 маусым 2026 ж. 10

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам