«Туған өлке табиғатын қорғайық»

 5 маусым – Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай №13 балалар кітапханасында «Жазғы кітап» бағдарламасы аясында «Туған өлке табиғатын қорғайық» атты танымдық сағат болып өтті. Шараға Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушылары қатысты.
 Шара барысында табиғаттың адам өміріндегі маңызы, қоршаған ортаны қорғау және табиғи байлықтарды келер ұрпаққа аман жеткізудің қажеттілігі туралы әңгіме өрбіді. Оқушылар табиғат тақырыбындағы мақал-мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды айтып, сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
 Іс-шара аясында ұйымдастырылған «Табиғатты аялай білейік» атты кітап көрмесінде табиғатқа қатысты анықтамалықтар, энциклопедиялар мен танымдық әдебиеттер таныстырылып, оқырмандар назарына ұсынылды. 
05 маусым 2026 ж. 39

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам