«Оқы және сурет сал»
№6 кітапхана «Жазғы кітап» бағдарламасы жобасы аясында «Балдаурен» лагерінің оқушылары арасында «Оқы және сурет сал» атты шығармашылық іс-шара ұйымдастырды. Шараның мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, қиялын дамыту және шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Шара барысында оқушылар ертегілер оқып, олардың мазмұнымен танысты. Оқыған ертегілерінен алған әсерлерін қағаз бетіне түсіріп, сүйікті кейіпкерлерінің суреттерін салды. Балалар әр кейіпкердің ерекшелігін өз қиялдарымен бейнелеп, түрлі-түсті суреттер арқылы ертегі әлемін жандандырды.
Іс-шараға қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің шығармашылық жұмыстарын көпшілікке ұсынды. Бұл шара балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың көркемдік талғамын қалыптастыруға және бос уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіндік берді.







