«Кітап – менің күншуағым»

 №6 кітапхана «Жазғы кітап» жобасы аясында «Балдәурен» лагерінің оқушыларымен «Кітап – менің күншуағым» атты кітапханаға экскурсия ұйымдастырды. Экскурсияның мақсаты – балаларды кітапхана жұмысымен таныстыру, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру және бос уақыттарын тиімді өткізуге баулу.
 Шара барысында оқушылар кітапхана қорымен танысып, түрлі жанрдағы көркем әдебиеттерді, ертегілерді, балаларға арналған танымдық кітаптарды тамашалады. Кітапханашы балаларға кітаптарды пайдалану ережелері мен кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеп берді.
 Оқушылар өздерін қызықтырған кітаптарды қарап, мазмұнымен танысты және кітап оқу туралы әсерлерімен бөлісті. Іс-шара балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, білімге деген құштарлығын оятуға ықпал етті. Экскурсия тартымды әрі танымды өтіп, қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады.
08 маусым 2026 ж. 11

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам