«Гүлдердің жұмбақ әлемі»
№7 кітапхана «Гүлдердің жұмбақ әлемі» атты танымдық сағат өтті. Іс-шара барысында жас оқырмандар гүлдердің табиғат пен адам өміріндегі маңызы туралы мол мағлұмат алды. Гүлдердің ауаны тазартып, оттегі бөліп, көптеген жәндіктерге қорек болатыны, сондай-ақ табиғаттың ең әсем сыйларының бірі екені айтылды. Сонымен қатар Қазақстанда сирек кездесетін, қорғауға алынған гүлдерді жұлуға болмайтыны түсіндірілді.
Сабақтың басты ұстанымы – «Табиғатты аяламаған – өзін аяламайды» қағидасы болды. Экологиялық саяхат жас оқырмандардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, өсімдіктерді қорғауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндеді.







