«Білім кілті кітапта»
№10 кітапханада «Жазғы кітап» бағдарламасы аясында №39 «Қызылөзек» орта мектебі жанынан құрылған күндізгі тынығу «Балдырған» лагері балаларымен «Білім кілті кітапта» атты танымдық шарасы болып өтті.
Шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, білімнің бастауы кітап екенін түсіндіру және бос уақыттарын пайдалы өткізуге баулу.
Іс-шара барысында балаларға «Піл мен Маймыл», «Бауырсақ», «Үш аю» ертегі кітаптар таныстырылып, балаларға әсерлі тәрбиелік мәні зор ертегілер оқып берді. Ертегі кейіпкерлерінің жақсы қасиеттері талқыланып, балалар өз ойларымен бөлісті.







