«Туған өлкем – қандай көркем»

 №11 кітапхана оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында №215 мектептің коворкинг орталығында «Туған өлкем – қандай көркем» атты сурет салу ұйымдастырды. Аталған шараға №215 мектеп жанынан құрылған «Балдәурен» лагерь кешенінің демалушылары мен тәрбиеші Балнұр Қалжанова қатысты.
 Шараның мақсаты – жас оқырмандардың шығармашылық қабілетін дамыту, ой-өрісі мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру, өз ойын сурет арқылы еркін жеткізуге үйрету, ұқыптылық пен әсемдікке баулу, сондай-ақ туған жер мен табиғатқа деген сүйіспеншілігін нығайту.
 Іс-шара барысында қатысушылар өз қиялындағы туған өлкенің табиғатын, өсімдіктері мен жануарларын қағаз бетіне бейнеледі. Шара жас суретшілердің шығармашылық ізденістерін қолдап, туған өлкенің көркемдігін дәріптеуге бағытталды.
08 маусым 2026 ж. 11

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам